Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Қостанай қаласының көшелерінің бірінде ер адам мен әйелді ұстады.
Тінту барысында 27 жастағы ер адамнан ақ ұнтақ салынған 8 пакет, ал оның бірге тұратын әйелінен жасыл түсті өсімдік заты бар байлам табылды. Сараптама тәркіленген ұнтақ синтетикалық есірткі мефедрон, ал өсімдік заты марихуана екені анықталды.
Ұсталғаннан кейін ер адам қала бойынша «есірткілерді» қалдырған жерлерді көрсетті. Қосымша тексерулер барысында полиция қызметкерлері тағы 12 есірткі байламдарын тәркіледі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам заңсыз әрекеттермен өткен жылдың қараша айынан бастап айналыса бастаған. Жасырын жерлерге орналастыру үшін ол камералармен жабдықталмаған және артық назар аудармайтын орындарды таңдаған.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция қызметкерлері әйелдің топ құрамындағы қылмыстық әрекетке қатысы бар-жоғын тексеруде.