Тұрғын үйлердің бірінің ауласында жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеті тәркіленді.
– Ұсталған адам бір апта көлемінде Telegram қосымшасы арқылы есірткі заттарын сатқан. Төлемді банк картасымен қабылдаған. Есірткіні осылай сата отырып, ол жауапкершіліктен құтылатынына сенімді болған, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.