Қостанайда шіркеуді тонаған ұры жеті жылға сотталатын болды

Қостанайда шіркеуді тонаған ұры жеті жылға сотталатын болды

Осы  жылдың қаңтар айында оның ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1 миллион 200 мың теңге тұратын 2 қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін және  конфессиялық Інжілді ұрлап әкеткені анықталды.

Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.

“Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды”, – дейді Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Полицейлерге Қазақстан Православие Шіркеуі басшысының алғыс хаты келіп түсті.

Жаңалықтармен бөлісу