Құтқарушылар күні қарсаңында Қостанайда құтқарушылар аллеясы қайта жөнделді. Бұл ескерткіш бұрыш күнделікті өз өмірлерін басқаларды құтқару үшін тәуекелге салатындарға арналған қоғамдық кеңістіктің маңызды бөлігіне айналды.
Аллея Журавлев және О.Қозыбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне он жыл бұрын бекітілген.
Биыл Департаменттің жеке құрамының күш-жігерінің арқасында мұнда батырларды еске алуға лайықты орын жасау үшін абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
“Аллея құтқарушыларға құрмет пен алғыстың белгісі ретінде тұрғызылды. Ол әркім оларды еске алып, басқалар үшін қауіп төндіруден қорықпаған ерліктерін еске түсіре алатын орынға айналды. «Құтқарушылар аллеясы» құтқару қызметі қызметкерлерінің батылдығы мен жанкештілігін мойындау символы болып табылады. Олардың еңбегі қоғам үшін өте маңызды. Құтқарушылар күнделікті өртпен күресіп,табиғи апаттардың зардаптарын жоюмен айналысады, эвакуация мен алғашқы көмек көрсету міндеттерін орындайды”, – дейді ұйымдастырушылар.
Ал бұл Аллея — олардың жұмысының әр сәті қаншалықты маңызды және олардың ерліктері арқасында қанша адамның өмірі құтқарылғанын еске салатын орын.
Ашылу салтанатында құтқарушыларға алғыс сөздері айтылды. ТЖД басшылығы «Құтқарушылар аллеясы» қалалық инфрақұрылымның бір бөлігі ғана емес, қоғамға қызмет етуге өмірлерін арнаған адамдар туралы естеліктің мәңгі сақталатын жері екенін атап өтті.
Енді «Құтқарушылар аллеясы» Қостанай тұрғындары үшін рух күші, жанқиярлық пен құтқарушы мамандығына адалдықтың символына айналады.
Аружан Берікқызы
ҚӨУ студенті