Ол азамат бір айда көлік жылдамдығын 24 есе арттырып алған.
“Қостанай облысында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен шетелдік азамат бір айда рұқсат етілген жылдамдықтан 24 есе асып кету фактісі тіркелді. «Қорғау» жол қозғалысын автоматты мониторингтеудің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық шешім болып отыр”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Hyundai» маркалы автокөлікті басқарған жақын шетел азаматына салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 850 мың теңгені құрады.
Бұл бағдарламада Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталықтары мен мобильді қосымшалары камераларының мүмкіндіктері біріктірілген, олардан мәліметтер қызметкерлердің планшеттеріне түседі, бұл нақты уақыт режимінде автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді:
– жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен;
– техникалық тексеруден өтпегендер;
– сақтандыру полисінсіз;
– бағдарлар бойынша іздестірілгендер, оның ішінде айыппұлдар бойынша берешегі бар жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылар;
–10 минут ішінде екіден көп бұзушылық жасағандар.
Полиция қызметкері «Қауіпті жүргізуші» туралы ақпарат алып, түзетілмейінше алдын алу шараларын қолдана алады.
«Hyundai» маркалы автокөлікті басқарған жақын шетел азаматына салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 850 мың теңгені құрады
Айта кетейік, «Қорғаудың» көмегімен өткен жылы өңірде полицейлер 6 мыңға жуық жүргізушіні тоқтатып, заң бұзушылықтар туралы хабарлама берген. Сонымен қатар, қасақана заң бұзушылардың 300-ге жуық көлігі арнайы автотұрақтарға орналастырылды.
Полиция қызметкерлері мұндай цифрлық шешімдер құқық бұзушыларды жедел анықтауға және жолдардағы ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алуға көмектесетінін еске салады.