Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
30 жастағы жергілікті тұрғынды Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықтап, ұстады.
«Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық — зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан», – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Ол сондай-ақ осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
Б. МЕЙРАМҰЛЫ