Іс-шара «Өрт-2025» республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығу шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – орман-дала өрттерін сөндіру кезінде төтенше жағдайлар қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтап, дайындық деңгейін арттыру.
Ауқымды оқу-жаттығу Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қабдушев Диас және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетовтың төрағалығымен өтті.
Оған өңірлік азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдері белсене қатысты.
Сценарий бойынша, шартты өрт ошағы пайда болған жағдайда барлық қызметтер жедел әрекет етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін мамандардың алдын ала дайындалуы, техника мен құрал-жабдықтардың жарақталуы аса маңызды. Оқу-жаттығу барысында арнайы техникалардың, жеке құрамның және әуе күштерінің дайындығы тексерілді.
Бұдан бөлек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағынында да өрт ошақтарын барлау және сөндіруге әзірлігі сыналды. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ туындаған жағдайда шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.