V халықаралық хореографиялық өнер фестиваль Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатыр.
Фестивальдің негізгі мақсаты — түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Фестивальге Қырғызстан (Бішкек қ.), Өзбекстан (Ташкент қ.), Башқұртстан РФ (Стерлитамак қ.), Татарстан РФ (Қазан қ.), Челябинск РФ, Қазақстан және Қостанай облыстарының балалар-жасөспірімдер хореографиялық ұжымдары қатысып жатыр.
Фестивальдің ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.