Қостанайда кезекті ерекше субұрқақ іске қосылды

Қостанайда кезекті ерекше субұрқақ іске қосылды

Осы бір салтанатты тамашалауға келген шаһар жұртының қарасы да қалың.

Бұрын ортасында аққу жүзген субұрқақ бүгінде жаңа кейіпке еніп отыр. Түнде қалаға өзгеше сән беріп, әртүрлі пішінде музыка ырғағымен аспанға билеп шапшитын бұл ғажайыпты 130 млн теңге қаржы жұмсалды.

“Біз алдағы уақытта Француз орталығының жанындағы субұрқақ пен әкімдік алдындағы субұрқақты іске қосқалы жатырмыз. Бүгінде тассырмақтары жаңартылып, ол жерлер сәнді гүлзарлармен безендірілді”, –  дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов.

Алайда бұл субұрқаққа келерде қауіпсіздік шараларын сақтап жүрген де абзал. Әсіресе, кішкене балаларға ата-аналарынсыз сақ болғандары жөн. Абайсызда бұл қоғамдық орында тоқ соғу қаупі жоғары.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу