Ертең сағат 10: 00 – де Қостанайдағы Жастар сарайында Мемлекеттік тілді оқыту мен медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі этнос өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық форумы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – қазақстандық ұлтжандылық, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастық негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастарды дамыту және шоғырландыру, жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамыту, әртүрлі этнос өкілдері арасында қазақ тілін білуді насихаттау, мемлекеттік тілді үйрену арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, өзге ұлт өкілдерінің жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, сондай-ақ оның қоғамдағы рөлін арттыруға тарту.
Форум бағдарламасында «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі А.Н. Гаврина, Астана қаласы жастар этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Н. Лагуткина сөз сөйлеп, шоумен Крис Блэкөнер көрсетеді.
Басқосуға барлық кезеңдердің қатысушылары мен Қостанай облысының қалалары мен аудандарының оқушылары қатысады деп күтілуде.