Қостанайда көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 85 шетелдік анықталды

Қостанайда көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 85 шетелдік анықталды

Облыстық ПД көші – қон қызметінің мамандары Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен, облыс прокуратурасымен, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің “Оңтүстік” өңірлік басқармасымен бірлесіп “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде шетелдік азаматтардың көші-қон саласындағы заңнаманы сақтауы бойынша іс-шаралар өткізуде.

 

Облыстық ПД көші –қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, 2023 жылдың шілде – тамыз айларында облыс аумағында рейдтік іс-шаралар барысында Үндістанның 34 азаматы, Пәкістанның, Сирияның және Непалдың 3 азаматы анықталды. Олардың барлығы келген елдің көші-қон заңнамасын бұзды.

 

Іс жүзінде барлық шетелдіктердің елде заңды мерзімі өтіп кетті. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша Үндістан мен Пәкістанның 23 азаматына қатысты елден шығарып жіберу шаралары қабылданды және олар әкімшілік айыппұлдар түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Қабылдаушы тараптардың біріне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Үндістанның 1 азаматы мен Непалдың 3 азаматына қатысты Қазақстанның шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында 17 тамызда өңірдің құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 42 Өзбекстан азаматы анықталды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған бизнес субъектісіне ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек көшіп келушілерді тарту). Баптың санкциясында 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 

 

Облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша “Учаске” жедел алдын-алу шарасы шеңберінде мүдделі қызметтермен бірлескен іс-шаралар жалғасуда.

Жаңалықтармен бөлісу