Қостанайға жұмыс сапармен Эрфурт білім беру орталығының бас директоры Франк Белкнер бастаған бір топ делегация келді.
Сапар биыл наурызда Allur автокөлік зауыты мен орталық арасында Эрфурт қаласында (Германия) қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Германия көшбасшыларының қатысуымен өткен бизнес-форумда қол қойылған халықаралық дуальды оқыту орталығын құру туралы келісімнің жалғасы іспепті.
Делегация жұмыс сапарының мақсаты – Қостанай облысында және еліміздің басқа да өңірлерінде жұмыс істейтін қазақстандық дуальды білім беру жүйесімен, сондай-ақ Allur зауыты және оның серіктестері сияқты білім беру және өндірістік ұйымдардың қызметімен жақынырақ танысу.
Жұмыс тобының іс-шараларына облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева және ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Білім министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаев, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Тәтібеков, сондай-ақ зауыт басшылығы және Allur University командасы қатысты.
Жұмыс сапарының мақсаты – Қостанай облысында және еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс істейтін қазақстандық дуальды білім беру жүйесімен, сондай-ақ Allur зауыты және оның серіктестері сияқты білім беру және өндірістік ұйымдардың қызметімен танысу.
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаева Қазақстанның дуалды білім беру саласындағы жетістіктерін таныстырып, еліміздің әртүрлі өңірлерінде осы модельдің табысты іске асырылуын атап өтті. Сондай-ақ, ол үздік тәжірибелермен алмасу және кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.
Эрфурт білім беру орталығының өкілі Фрэнк Белкнер Германияның дуальды оқыту саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, оның жоғары білікті мамандарды даярлаудағы шешуші рөлін атап өтті. Кездесуде қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кадрларды даярлаудың тиімді құралы ретінде дуальды оқытуды дамытуға баса назар аударылды.
Кездесуде тәжірибе алмасу және Қазақстанда табысты тәжірибелерді бейімдеу үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігі, сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.
Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаевтың айтуынша, іс-шара Қазақстан мен Германия арасындағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау саласындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
Бағдарламаның негізгі элементі болашақ орталықтың статусын, оның жұмыс бағыттарын және Allur зауыты мен Эрфурт білім беру орталығы арасындағы серіктестік уағдаластықтарды іске асыру шарттарын талқылау болды.
Қатысушылар сондай-ақ дуальды білім беруді дамытудың негізгі сәттерін және Қазақстанның тәжірибесі негізінде осындай білім беру жүйесін іске асырудың ерекшеліктерін және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
«Дуальды оқыту орталығының ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында «2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған бастамасын іске асырудың маңызды кезеңі», – деді кездесуге қатысушылар.
Сапар аясында делегация Қостанай автомобиль көлігі колледжіне болды. Онда студенттер қолданбалы дағдыларды меңгеретін білім беру үдерісімен және шеберханалармен танысты. Одан кейн автокөлік саласында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау үшін құрылған Allur кәсіби құзыреттілік орталығына барды. Сондай-ақ, қатысушылар А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің зертханаларын аралап, онда студенттер оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Келешекте Allur University командасы мен шетелдік әріптестердің инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дуальды білім беру жүйесі шеңберінде сұранысқа ие мамандарды даярлау деңгейін арттыруға бағытталған жобалардың жұмыс жоспары талқыланды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ