Қостанайда дәрігерге қарақшылық шабуыл жасалды

Қостанайда дәрігерге қарақшылық шабуыл жасалды

Қылмыскерлер қолдарына пышақ алып, ақ халатты абзал жанды  ойыншық тапаншамен қорқытқан.

Полиция департаментінің өкілдері қаскүнемдердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болғанын анықтады.

“Осыдан кейін олардың арасында жанжал болып, қылмыскер таныстарын кек алуға шақырған. Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде оны ұрып-соғып, ойыншық тапаншамен қорқытқан. Зорлық-зомбылықпен  ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, ұялы телефоны мен ақшасын қолды қылған”, – делінген ресми хаттамада.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды.

Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі.
Күдіктілердің үшеуі де изоляторға қамалды.

Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қарақшылық үшін олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтармен бөлісу