Қостанайда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтіп жатыр

Қостанайда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтіп жатыр

Дәл қазір  Қостанайда мемлекеттік мекемелердің  басшылары тұрғындарды толғандырған мәселелерімен қабылдауда.

 

«Халықпен тиімді диалог құру кез келген мемлекеттік органның басым міндеттерінің бірі», – дейді облыс әкімі аппаратының қызметкері Жұлдыз Ілиясова.

 

Маманның атап өткеніндей, қазір тұрғындардың сұранысына барлық жағдай жасалған. Кез келген мемлекеттік мекеменің басшылығы халықтың  ондай мәселелерін бірге талқылап, ортақ шешім қабылдауға әрқашан ашық. Бізге жеткен мәліметтерге сәйкес, биыл тұрғындардан жыл басынан бері 73 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл былтырғымен салыстырғанда отыз сегіз пайызға артық.

 

«Халық тұрғын үй, денсаулық, байланыс, әлеуметтік және қоғамдық сұрақтарды көп жолдайды. Бұл тәжірибені қолға алу көптен жоспарланып, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізу ақпан айынан бастап енгізілді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылуда. Облыс әкімі мен орынбасарлары 81 тұрғынды қабылдады.  200 өтініштің 38-і оң нәтижесін тапты. Соның тиімділігін пайдалана отырып аудан-қалаларда да өткізген болатынбыз. Мұндай жиындар әр тоқсан  сайын өткізіледі», – дейді аппарат маманы.

 

Жаңалықтармен бөлісу