Қылмыс Меңдіқара кентінде болған. Полицияға аудан орталығының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің жанынан ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады.
“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қаза тапқан адамның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар екенін анықтады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды” делінген ПД келтірген мәліметінде.
Осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталған. Күдікті қылмысын мойындап, ішімдік ішу кезіңде ер адамдар арасында жанжал болғанын айтты. Салдарынан күдікті жәбірленушіге бірнеше соққы жасап, өлтіріп қойған.