Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бұрынғы басшысы  қызметіне қайта отырды

Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бұрынғы басшысы қызметіне қайта отырды

Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының бұрыңғы басшысы Асқар Бекпағанбетов орнына қайта отырды. Оған 79 млн теңге көлемінде ұрлады деп айып тағылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

            Қостанай қалалық әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қала әкімі Марат Жүндібаев оның қайта тағайындалғанын айтып, активке таныстырды.

Асқар Бекпағанбетов өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шықты. 2023 жылдың тамызында Жоғарғы сот Қостанай облыстық сот алқасының үкімін заңсыз деп танып, №2 қалалық соттың ақтау үкімі күшінде қалдырған еді. Сондай-ақ, Жоғарғы соттың шешімімен лауазымына қайта отыруға және  қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны және қамауға алынғаны үшін мемлекеттік қазынадан 20 миллион теңгеден астам қаражат төленуі тиіс.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу