«Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардан өтінімдерді қабылдау басталды Сурет "Қостанай таңы" архивінен.

«Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардан өтінімдерді қабылдау басталды

Қостанай облысында жас мамандарға арналған «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Бағдарлама жастарға Қостанай облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының бірлескен қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға кредит беруді көздейді және 34 жасқа дейінгі жас мамандарға есептелген.

Бағдарламаға қатысушылар үшін кредит беру шарттары:

Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10 % (он пайызы);

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (бес пайыз);

Сатып алынатын тұрғынүй – Қостанай облысында бастапқы/қайталама нарықтарда пайдалануға берілген/салынып жатқан-үлестік қатысу, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде: көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесі;көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, жер учаскесі бар пәтер.

Бағдарлама облыстың барлық қалалары мен аудандарында шектеусіз іске асырылатын болады.

  1. Қатысуға үміткерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы міндетті шарттар болып саналады.
  2. Тұрғын үй сатып алынатын қаланың немесе ауданның аумағында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы.
  3. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы, мыналарды қоспағанда: бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде.
  4. Отбасы мүшелерінің жиынтық айлық табысы соңғы 6 айда 150 АЕК-тен аспауға тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Қатысушыларды іріктеу рәсімінің ашықтығы және басқа өңірлердегі бағдарламаларға ұқсас халық тарапынан наразылықты болдырмау үшін қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша және конкурстық комиссияның отырысын өткізе отырып жүргізілетін болады.

Егер қатысушылар бірдей ұпай жинаса, жасы үлкен қатысушы артықшылыққа ие болады.

Іріктеу талаптары
1 Тіркелген некедегі әр жыл үшін (оның ішінде жесірлер)
2 Әрбір бала үшін, оның ішінде асырап алынған бала үшін
3 Әлеуметтік – бағдарланған салалардың (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, оның ішінде ведомстволық бағынысты, коммуналдық мекемелердің) және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері
4 Қостанай облысының қалған салаларындағы қызметкерлер
5 Отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуы (әрқайсысы үшін)

«Отбасы Банкі» филиалы қатысушылардың құжаттарын тексеріп, ішкі қағидаларға сәйкес тұрғын үй заемын беруді жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушылар үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Жеке куәлік;
  2. Неке туралы куәлік (бар болса);
  3. Балалардың, оның ішінде асырап алынғандардың туу туралы куәлігі (асырап алу туралы құжаттар) (бар болса);
  4. Фирмалық бланкіде жұмысқа қабылдау күнін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;
  5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан соңғы 6 айдағы міндетті зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
  6. Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы туралы анықтама;
  7. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді ұсыну – электрондық үкіметтен Жеке кабинетте «Мүлік» сілтемесі арқылы скрининг ұсынылады.
  8. 1 және 2 топтағы мүгедектікті растайтын құжаттар (бар болса).

Сұрақтар туындаса, жергелікті (аудан-қалалардағы) ТҮКШ бөлімдеріне хабарласуға болады.

Сурет “Қостанай таңы” архивінен.

Жаңалықтармен бөлісу