Қостанай еліміздегі “Жібек жолы” телеарнасы жүргізген “Таза қала” жобасы бойынша үшінші орынға шықты.
Түсірілім тобына қазақтың аңтаңгер айтыскері Айбек Қалиев қаланың мәдени орындарымен таныстырды.
Қос жүргізуші мен бес сарапшы қаланың бүгінгі келбетіне бес балдық жүйемен баға беріп өтті.
Келешекте ескеретін кемшіліктер де жоқ емес, дегенмен, артықшылығы басым.
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында қала сыртындағы полигондарға он екі тонна қоқыс шығарылды. Су басқан демалыс аймақтарға жаңадан төсемтас төселді. Орталық алаң адам танымастай кейіпке енді. Әлі де атқарар жұмыстар баршылық.
Бұл жұмыстарға қаладағы эко белсенділер мен еріктілердің үлесі мол.
Толығырақ мына жерден қарауға болады.