Осы Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Қостанай қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді (бұдан әрі – КТҮ) күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Қостанай қаласының аумағында бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын жөндеуге байланысты шығыстарды өтеуіне қолданылмайды.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері лифтілерді жөндеу (ауыстыру) немесе КТҮ күрделі жөндеу жүргізу үшін Операторға (ЖКХ ремонт ЖШС, Қайырбеков көшесі, 75) жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Осыдан кейін оператор пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды, онда лифттерді жөндеуге (ауыстыруға) немесе КТҮ күрделі жөндеуге сметалық құжаттаманы ұсынады. Жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге, лифттерді мемлекеттік бюджет есебінен, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ төлемдер кестесін және жөндеуге байланысты басқа да мәселелерді бекітеді. Жүргізілген күрделі жөндеу, лифттерді жөндеу (ауыстыру) үшін қаражатты қайтару сомасын есептеу кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың техникалық сипаттамалары негізінде айқындалады. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтару мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін.
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Заңның 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады.
Бұдан әрі оператор «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ мекенжайына лифтілерді жөндеу (ауыстыру) немесе КТҮ күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттік өтінім жібереді. Бюджеттік комиссияның оң шешімінен кейін Оператор: басқару органдарымен және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен күрделі жөндеуді орындауға шарттар жасасуды; Шартқа сәйкес күрделі жөндеуді орындауды; қажет болған жағдайда қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды; жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды; жобалау-сметалық құжаттаманы және сметаны келісуді қамтамасыз етеді көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының иелерімен.
Күрделі жөндеу бойынша көппәтерлі тұрғын үйді қабылдауға және пайдалануға енгізуге Оператор, мердігер ұйым, тұрғын үй инспекциясы, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, сондай-ақ үй кеңесі, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы қатысады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін бюджет қаражатының, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген соманың толық өтелуін қамтамасыз етеді.
Бюджет қаражатын, оның ішінде бюджеттік кредит түрінде бөлінген қаражатты қайтаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс хаттамасына қоса беріліп отырған есепке сәйкес соманы толық өтеу жолымен қамтамасыз етеді.
Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі төлемнің белгіленген күнінен кейін күрделі жөндеу, лифтілерді жөндеу (ауыстыру) бойынша берешекті өтемеген жағдайда оператор жүргізілген күрделі жөндеу үшін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы нотариусқа немесе сотқа жүгінеді.
Осы Қағидалар қазіргі уақытта әділет департаментінде келісілуде.