Қостанай облысында автожол саласының бюджеті 55,7 млрд теңгеге жетті

Қостанай облысында автожол саласының бюджеті 55,7 млрд теңгеге жетті

Астанадағы брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов жол жөндеу, ауыз сумен қамту және жылу желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары туралы баяндады.

Қостанай облысында еліміздегі автожолдардың ең үлкен ұзындығы -9 179 шақырым. Биыл 446 шақырым автожол және елді мекендердің 299 көше учаскесі жөнделеді. «Ауыл – ел бесігі» аясында 57 ауылдық елді мекеннің 118 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қазір жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық , аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 85% -ды құрайды, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша үлесті 87% – ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ жыл соңына дейін 43 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу жоспарланып отыр.

“Биыл сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға 22 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 43 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 80,4% – дан 87,0% – ға дейін артады” – деді брифингте Құмар Іргебайұлы.

Бұдан басқа, өңірде 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітіліп, іске асырылуда.

Мұның сыртында, биыл өңірде 21,4 шақырым жылу желілері қайта жаңартылады. Жылумен жабдықтау желілеріндегі апатты жағдайларды болдырмау үшін осы жылы қаржыландыру 18 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Қаражаттың негізгі бөлігі Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалаларында жылумен жабдықтауға бағытталған.

“Биыл барлығы 21,4 шақырым жылу желілері жаңартылады, тозу 49,9%-дан 47,4%-ға дейін төмендейді. Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 40%-ға дейін төмендету мақсатымен жыл сайын 20 шақырым жылу желілерін реконструкциялау жоспарланып отыр” – деді Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов.

Жаңалықтармен бөлісу