Қостанай облысының “Қайрақ” автокөліктік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы азаматы тізгіндеген «Газель» автокөлігін тексеру кезінде 32 қораптағы (17120 қорап, 1712 блок) темекі контрабандалық жүгі табылды. Жалпы сомасы – 11 128000 теңге.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлады.
Бұған дейін қостанайлық шекарашылары жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын темекі өнімдерін әкетудің төрт фактісіне жол бермеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті аталған материалды процессуалдық шешім шығару үшін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.