16 мая, 2025
Қостанай облысында гашиш тасымалдаған азамат құрықталды

Қостанай облысында гашиш тасымалдаған азамат құрықталды

Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аумағында есірткі заттарын таратқан 26 жастағы күдіктіні ұстады деп хабарлады Polisia.kz. Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтің айтуынша, облыс орталығының тұрғыны салмағы шамамен 1 келі болатын есірткінің аса ірі партиясы – гашишті тасымалдау кезінде ұсталған.

Қазіргі уақытта полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясы мүлікті тәркілеу арқылы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының аумағында есірткі құралдарын жеткізу және тарату арнасын ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 329 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.