16 июня, 2025
Қостанай облысында «Болашақ мектептері» ашылуда

Қостанай облысында «Болашақ мектептері» ашылуда

Білім беру инфрақұрылымыжүйелі түрде дамып келеді. Өңірде ең жоғары стандарттарға сай жаңа заманауимектептер қарқынды салынуда. Алдағы екі жылда Қостанай облысында қосымша 7740 оқушы орны ашылады,оның 4500-і салынып жатқан мектептерде болса, ал 3300 орын пайдалануға берілді және оқушыларды қабылдап жатыр.

Бұл Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Мектептер қайда ашылды? Жаңа мектептер:

Қостанай ауданының Заречный ауылында, Арқалық қаласында, Қостанай қаласының «Аэропорт» және «Береке» аудандарында ашылды — бұл шағын аудандарға балалы отбасылар белсенді түрде көшіп келуде.

Жалпы жобалық қуаты 3300 орын.Барлық мектептер мемлекеттік тілде оқытады. Ерекшелігі жай ғана мектеп емес – зияткерлік хаб. Жаңа мектептер бірыңғай стандарт бойынша салынған.

Интерактивті панельдер мен ақылды тақталар,

робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар,

компьютерлік сыныптар,

медиасыныптар,

бірнеше спорт және би залдары,

оқушыларға арналған коворкинг жәнедемалыс орындары.

Мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы санитарлық бөлме және лифт қарастырылған, медициналық кабинетпен, озық үлгідегі асханалармен жабдықталған.

Ал жайлы оқу залдары бар кітапханаларда мемлекеттік тілдегі оқулықтардың қоры жинақталған.

Алдағы уақытта не күтуде?

Жыл соңына дейін тағы екі жайлы мектеп ашылады:

300 орынға арналған Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында,

900 орынға арналған Рудный қаласында.

Сонымен қатар, Қостанай қаласының жаңа шағын аудандары мен ауылдық елді мекендерде 3240 оқушы орынға арналған тағы бес мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындары Барлық мектептер іске қосылғаннан кейін өңірде 700-ге жуық жаңа жұмысорны, оның 500-ден астамы педагогтер үшінашылмақ.

Қостанай облысындағы «Жайлы мектеп» жобасы тек қабырға менпарта емес, бұл тең мүмкіндіктер, қадамдық қол жетімділіктегі сапалы білімжәне мектеп сыныбының табалдырығынан басталатын болашақдеп білеміз.