Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аманқарағай ауылындағы спорт кешенінің ашылуында сөйлеген сөзінде айтып берді.
«Дені сау ұлт қалыптастыру біздің мемлекетіміздің ең негізгі бағыттарының бірі. Ол үшін спортпен шұғылдану керек. Осындай нысандарды көбейтуге Президент арнайы тапсырма беріп, қаржы бөлді. Тек қана спорт саласында ғана емес алда денсаулық сақтау саласында да әртүрлі жобалар бірге асырылатын болады», – деді өңір басшысы.
Осы салтанатты жиынға арнайы келген «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қорда бірнеше жобалардың әлеуметтік бағытта жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.
«Жыл аяғына дейін облыста екі денсаулық нысанын салуды жобалап отырмыз. Үш жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған орталық пен үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған бұл орталықтарда ерекше балаларды дайындайтын болады», – деді Нұрлан Жақыпов.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев