Тобыл – Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Серік Бейсембаев мұндай өсімді аквакультураны дамыту бағдарламасының қабылдануымен және мемлекеттік қолдаумен байланыстырады. Биыл қожалықтарға 50 миллион теңгеден астам субсидия берілді.
Кәсіпкер Валентин Ищенко құны 300 миллион теңге болатын бағалы балық түрлерін өсіру және өңдеу бойынша алғашқы ірі жобаны жүзеге асырды. Жобаның қуаттылығы – жылына 45 тонна өнім. Қожалықта күн сайын шамамен 500 келі балық өңделеді. Болашақта өнім түрлерін көбейтіп, шамамен 100 түрлі өнімді өңдеу жоспарланып отыр. Аквакультураны дамыту бағдарламасы аясында аймақта тауарлы балық өндірісін жыл сайын арттырып, бес жыл ішінде бұл көрсеткішті 10 мың тонна өнімге жеткізу жоспарланған.