Қостанай облысы елдің автокөлік өндірісі орталығына айналады

Қостанай облысы елдің автокөлік өндірісі орталығына айналады

Қостанай облысында өңір тарихындағы ашылатын жұмыс орындарының саны жөнінен ең ірі жоба – KIA автомобиль зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жөнінде де облыс әкімі Құмар Ақсақалов брифингте айта өтті.

Өңір басшысының айтуынша, бұл – облысымыздың тарихындағы айтулы жобалардың бірі. Қостанай облысында алғаш рет осы жобаның арқасында 1500 адам бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Алғашқы көлік 2025 жылдың жазында шығарылады деген жоспар бар.Зауыттың құрылысы жедел қарқынмен жүріп жатыр, ол небәрі 1,5 жылда салынатын болады. Құрылыс 2023 жылдың қарашасында басталып, 2025 жылы алғашқы көлік конвейерден шығады деп жоспарланып отыр.  Осылайша, Қостанай облысы өз аумағында екі ірі автомобиль шығаратын зауытты біріктіретін Қазақстандағы негізгі автомобиль жасау орталықтарының біріне айналып отыр.

Жаңалықтармен бөлісу