Қостанай облысында Ұлттық Домбыра күніне арналған ауқымды күй шеруі бастау алды. Федоров ауданынан басталған іс-шара таңғы 10:00-де Жанкелдин ауданында жалғасты, кешкі 20:00-ге дейін Қостанай өңірін күмбірлеген күйге бөлейді.
Бір күннің ішінде облыстың 19 ауданында қатар шертілетін Жеті күй – қазақ рухының, дәстүрінің жаңғырығы іспетті. Бұл күні Қостанай жері шын мәнінде күй бесігіне айналады.
Ертең, сағат 14:00-де күй шеруі Қостанай қаласындағы Сити орталық алаңында жалғасады.
Бұл ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ерекше сәтті бірге тамашалауға шақырамыз!
Әр ауданда 50-ден 500-ге дейін домбырашы қатысып, бір мезетте күй төгеді. Арқалық қаласында 1000-нан астам күйші сахнаға шығып, ұлттық мұрамыздың үнін жаңғыртады.
Ұлттық Домбыра күні – бұл жай ғана шара емес, бұл – дәстүрге тағзым, болашаққа аманат. Домбыра үні – халқымыздың жүрек лүпілі, рухани тынысы.
Домбыра – қазақтың жаны. Ол үн қатқанда – ұрпақ оянады!
Суреттер газеттің архивінен алынды