Ақтау қаласында өткен 2007-2008 жылдары жастар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Айдос Үсенов 3 орынды иеленді.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта 3 жекпе-жек өткізді.
“Алғашқы жекпе-жегінде астаналық қарсыласын, Ақмола облысынан келген екі былғары қолғап шеберін ұтып, жартылай финалда төрешілердің шешімімен 4:3 есебімен Түркістан боксшысына жол берді. Бұған дейін біз оны Абу-Дабидегі Азия чемпионатына дейін жеңіп алған едік”, – дейді бапкері Жанат Батырбекұлы.
Айдос биыл ірі халықаралық жарыстарға қатысып, бүкіл Азия континентін, сондай-ақ Еуропаның кейбір елдерін қамтитын “Азит балалары” халықаралық спорттық ойындарының қатысушысы болды. Ол жарыс Саха Республикасының Якутск қаласында болды. Абу-Даби қаласында жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия Чемпионатына барып келді. Әзірбайжанның Тұңғыш Президенті Гейдар Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнирінің чемпионы атанды.