Қазгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет болжамына сәйкес, бүгін  еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақталмақ.  Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады деп болжанып отыр.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

“Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі”, –  деді Алина Исмагулова.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

@ortcom_kz #CCS

Жаңалықтармен бөлісу