Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне орай, орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды.
Осылайша, бидай 10,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 15,2 млн тонна бастырылды, арпа – 1,9 млн га, өнімділігі 16,7 ц/га кезінде 3,3 млн тонна бастырылды, сұлы – 158,2 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га кезінде 250 мың тонна бастырылды. Ағымдағы жылы майлы дақылдар 494 мың гаалқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,5 ц/га 568 мың тонна бастырылды. 95 мың га алқаптан өнімділігі 233,8 ц/га болғанкезде 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 100,1 мың га жиналды, өнімділігі 248,2 ц/га болған кезде 2,4 млн тоннаданастам жиналды.
Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,1 ц/га, жалпы түсімі 5 млн тоннаданасты. Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мыңастық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және195 мың бірлік тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.