Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады

Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады

Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектебіне Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.

Онда волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары бой көрсетті. Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:

Ерікті ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту.

Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін волонтерліктің маңыздылығына назар аудару.

Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту үшін жағдай жасау.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу