Таяуда редакциямызға Рудный тұрғыны хабарласты. Ол кеншілер қаласына Қазақ радиосы қосылады деген ақжолтай хабарды естіп қуанып отырғанын айтып, мұның қашан іске асатынын сұрады. Тілшіміз осы жоба жөнінде және радионың тыныс-тіршілігі туралы ақпарат алу үшін «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаевқа хабарласты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шекара маңындағы аумақтарда радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту бойынша Жол картасынбекіткен. Соның III кезеңінде Қостанай облысының Рудный қаласында Қазақ радиосын қосу жоспары бар. Бұл жұмыспен «Қазтелерадио» АҚ айналысады, білуімше, қазіржобаны іске асыруға алдын ала рұқсат берілді, әрі қарай радиожиілікті тарату бойынша компаниялар арасында конкурс өткізіледі, қазір процедуралық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тиісті құрылғылар орнатылып болғаннан кейін ғана аталған елді мекенде радио іске қосылады. Қазақ радиосын рудныйлықтар 2024 жылы тыңдау мүмкіндігін алуы тиіс. Қысқасы, ұлт радиосы көп кешікпей Рудный қаласында да сөйлейтін болады. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.