Қыста кент жастары үшін және осы спорт түрімен шұғылданатын адамдарға арналып хоккей корты салынбақ.
Өскелең ұрпақтың денсаулығы, отбасылық құндылықтарды нығайту үшін спорттық-мәдени іс-шаралар да көптеп өтіп тұрады.
Кенттің қарт азаматтары мен көп балалы аналарға қолдау көрсету және оларға қамқорлық жасау ісі кейінге шегерілген емес.
“Балалардың ойын және спорт алаңдарын күтіп ұстауды және оларға қызмет көресетуге мүгедектердің Рудный мемлекеттік ерікті қоғамымен шарт жасалған. Кентте әлеуметтік нысандардың (мектептер, ауруханалар, балабақшалар), стадионның, орталық аллеяның, сквердің іргелес аумақтарында, сондай-ақ тұрғын үйлердің аулаларында дезинсекция жұмыстары жүргізілді”, – дейді ауыл әкімі Мәдина Райымбекова.
Кенттің бүгінгі тынысы-тіршілігі жақсы. Спорт кешені, “Кәмшат апа” атындағы мешіт халық игілігіне қызмет етіп тұр.
Ірі қаладағыдан кем түспейтін сауда орталықтары бар. Күн санап шағын шаһардың шырайы кіріп келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Кент әкімі Мадина Райымбекова қолданыстағы инвестициялық жобаларды одан әрі дамытып, инвесторларды тарту ісін үдете түсуді көздейді. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ