Биыл Арқалық қаласында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған«Қаржылық сауаттылық» курстары өз жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі таңда 514 қала тұрғыны аталған курстан өтіп, сертификат алды.
Оқу барысында: «Қаржылық бағалау негіздері»,«Күрделі салымдарды жоспарлау құралдары», «Жеке қаржыны басқару бойынша 5 қадам» және басқа да сұрақтар қаралды.
«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты көтеру жобасы Арқалықта 2024 жылдың қыркүйек айынан басталып, қараша, желтоқсан айларында жалғасын тапты.Жобаның басты мақсаты – қаржыны сауатты пайдалануға, жеке бюджетті жоспарлауға бейімдеу. Нәтижесі жаман емес. Бес жүзден астам адам қаржылық сауаттылық курсынан өтті. Бұл осынша адам өзінің қаржылық сауаттылығын көтерді деген сөз. Кіріс-шығыс, қаржылық қабілетін көтеріп, қарыз алу мәдениетін жоғарылатты. Бұл жоба алдағы жылы да жалғасын табады деген ойдамыз», – дейді дәріс оқыған қаржылық сарапшы Рүстем Шәріп.
Гүлзада Байғабылова,
«Золотой ключик» балабақшасының әдіскері:
– «Қаржылық сауаттылық» курсынан өттім. Депозит жайлы, кредитті қалай тиімді алуға болады? Сол жөнінде көп ақапарат алдым.
«Отбасы банкте» депозитім бар еді, енді курстың көмегімен тағы да бір банктен депозит ашып отырмын.
Оралхан Мақсатбекұлы,
маман:
– Курстан өтіп, қаржылық сауаттылығымызды арттырып жатырмыз. Расы керек, «инвестиция», «облигация», «акция» туралы біле бермейтінбіз. Бұдан былай несие алатын болсақ, бәрін біліп тұратын боламыз.
Гүлім Қалиева,
тәрбиеші:
– Курс қаржылық сауаттылығымызды көтерді. Қаржыны қалай игеру керектігі жөнінде көптеген жақсы мағлұматтар берілді. Қаржыны жинақтау, кредит мәселелері жөнінде көптеген жақсы ақпараттар алдық.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор