Қаруды тапсырып, ақша алыңыз!

Қаруды тапсырып, ақша алыңыз!

Бүгінен бастап заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды.

Облыстық ПД жоғарыда аталған заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша кез келген аумақтық полиция органына өтініш бере алатынын хабарлайды.

“Қарудың түрі мен санатына байланысты республикалық бюджеттен төлем көзделген. Бұл жағдайда адам қаруды сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады”, – делінген ресми хабарламада.

Б. Мейрамұлы

Жаңалықтармен бөлісу