Қарсуда жаңа кабинет ашылды

Қарсуда жаңа кабинет ашылды

Қарасу ауылындағы психологиялық-педагогикалық жаңа түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 70 балаға қолдау көрсетіледі.

Жабдықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 65,3 млн теңге бөлінген.

Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Сағит Нұриқанұлы жиналғандарды маңызды оқиғамен құттықтады:

“Біз кішкентай оқушыларымыз үшін арнайы құрылған жаңа түзету кабинетін ашамыз. Бұл оқу бөлмесі жай ғана жаңа бөлме емес, біздің балаларымыз дами алатын, үйренетін және өзін жайлы сезінетін бүкіл әлем”, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Облыстық білім басқармаларының бөлім басшысы Мұрат Ахметов лебізін білдірді:

“Бүгін Қарасу ауданының тұрғындары үшін маңызды оқиға. Бүгін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті өз есігін айқара ашады, соның арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір бала инновациялық оқу жабдықтарын пайдалана отырып, психолог, дефектолог, логопед және басқа да мамандардың білікті көмегін ала алады”, – деді Мұрат Зәкірұлы.

Қарасу аудандық білім бөлімінің басшысы Дамир Шәріпов Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – бала мен отбасы мамандар тобының кешенді қызметтерін ала алатын, даму проблемаларын шешетін және мектепке дейінгі немесе мектеп мекемесіне әлеуметтенуге дайындалатын мекеме екенін алға тартты.

“Бұл біздің стратегиялық мақсатымыз.  Осындай түзету кабинеттері ерекше бала өсіп келе жатқан әр отбасына  қолжетімді болады.  Кабинеттің ашылуының арқасында енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 70 астам бала сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге ие болады”, – деді бөлім басшысы.

Жаңалықтармен бөлісу