Қарасудағы су бұру арнасының ағысы бағынбай барады

Қарасудағы су бұру арнасының ағысы бағынбай барады

Қарасу ауданында су бұру арнасындағы ағынның күшеюуі салдарынан су кемерінен асып, сыртқа жайылғаны туралы ақпарат тарады.

Жергілікті жұрт арнаның бақылаудан шығып, су ауылға және зиратқа қауіп төндіре бастағанын айтып, дабыл көтерген. Осы жағдай туралы ТЖД мамандары пікір білдірді

“Су ағысы жылдамдығы артты. Бүгін, 5 желтоқсанда су жіберу қарқыны 17,1 м3/с болды. Есеп бойынша, арна арқылы жіберілген су көлемі – тәулігіне 1 477 440 текше метр. Қазіргі жағдайда –  55825020 текше шамасында. Арнада лай-батпақ (қоқыс) жиналып, ағынға кедергі жасап, салдарынан су зиратқа қарай жайыла бастаған. Бірақ ол бейіттерге кірмейді, өйткені айналасында жасанды дамба бар”, – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ қазір облыстық ТЖД және әкімдік жағдайды бақылауда ұсталып отырғаны, елді мекенге қауіп төніп тұрмағаны айтылады.

Жаңалықтармен бөлісу