Қарасу ауданы экс-әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарасу ауданы экс-әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, пара берді және алды деген күдікке бірнеше азамат іліккен. Солардың ішінде Қарасу ауданының экс-әкімі кінәсін мойындаған.

Ол қазір айыбын мойындау туралы мәміле жасасу формасында процестік келісімнен өтуге даяр екенін мәлімдеді. Шенеунік В.Н. Радченко қызметінен биыл наурыз айында кеткен еді. Оның үстінен тергеу жүріп жатқаны енді ғана анықталып отыр.

«Қарасу ауданы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі және 368-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі – В.Н. Радченко», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «ТоболИнфо» басылымының сауалына қайтарған жауабында.

Алдын ала айтылып жатқан деректерге сүйенсек, экс-шенеунік жол жөндеумен айналысатын фирмадан пара алған болуы мүмкін. Істің жай-жапсары тергеу аяқталған соң анықталмақ.

Жаңалықтармен бөлісу