Науырзым ауданының орталығы Қарамеңді ауылында 18 пәтерлі тұрғын үй халық игілігіне берілді. Сақалды құрылысты қалыпқа келтіруге жергілікті қазынадан 162 млн теңгеден астам қаражат бөлінген еді.
Монтаждау жұмыстарын “SK QAZAQSTROY” ЖШС жүргізді. Әкімдікпен жалпы құны 155 млн 288 мың 578.82 теңгеге шарт жасалған болатын.
Бұл үй ата-ананың қамқорлығысыз қалған азаматтарға, денсаулық сақтау саласының мамандарына, мемлекеттік қызмет және мәдениет саласының қызметкерлеріне, зейнеткерлер мен толық емес отбасыларға беріліп отыр.
“Біз үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй салу өте маңызды. Мемлекет басшысының тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытында орындауға тырысамыз. Жаңа үйлеріңнің іргетасы мықты, керегесі кең, шаңырағы биік болсын! Ішінде тек татулық пен береке, қуаныш пен бақыт салтанат құрсын! Шаңырақтарыңда қуанышты тойлайтын жиын көп болсын! Баспана иелеріне құтты болсын айтамын”, – деді салтанатты жиында сөз сөйлеген Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.
Осы үйден пәтер алып, қуанышқа кенелген жанның бірі – мәдениет саласының қызметкері Гүлнұр Жақсылықова.
“Аудандық аудандық мәдениет үйінде қызмет етемін. Бүгін осы жаңа үйдегі 3 бөлмелі пәтердің иегері атандым. Осы сәтті көптен күткен көршілерімді жаңа үйге қоныстанумен құттықтаймын. Жаңа қоныс әрдайым жылы, жарық және жайлы болсын демекпін”, – деп тілегін айтты.
Үйдің ауласында тренажерлар қойылып, арнайы самалжайлар орнатылған. Үй ауласына ағаш көшеттері де отырғызылып, тұрғындардың жақсы демалуына барлық жағдай жасылынған.
Фотоны ұсынған “Науырзым тынысы” редакциясы