Кісі өлтіру ісі қаралған сот барысында прокурорлар аса ауыр қылмысты анықтады.
Ұзынкөл ауданының тұрғыны еңбек демалысында жүрген ауылдас полиция қызметкерін тонады және өлтірді деп айыпталған еді. Алайда қазірдің өзінде сотта, заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің кәсіби қызметі үшін кек алу мақсатымен алдын ала жоспар құрып, асқан қатыгездікпен кісі өлтіргенін дәлелдейтін бұлтартпас құжаттар тапты.
“Сотта мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша бұрын тергелген қылмыстық іс материалдарының көшірмелері зерттелді, ол бойынша сотталушы 2021 жылы полиция қызметкерін ұрлағаны және оның өміріне қол сұғқаны үшін бас бостандығынан айырылған еді. Сотталушы бұл материалдарды сотталғаннан кейін өзімен бірге ұстады. Атап айтқанда, зерттеу барысында әрбір құжатта оларға қол қойған лауазымды тұлғалардың тегі бойынша сотталушы жазбаларды қолжазба тәсілмен жасағаны анықталды. Тергеуші мен сарапшының тегіне қарама-қарсы “бауыздаймын” деген жазу табылды. Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің криминалист–жәбірленушісінің тегі шеңберге алынып, “бауыздаймын, қаз“ деген жазумен белгіленген (емлесі мен пунктуациясы сақталды). Сотта сотталушы бұл жазуларды ол қылмыстық-атқару мекемесінде болған кезде жасағанын түсіндірді, өйткені ол полиция қызметкерлеріне ашуланған”, – делінеді облыстық прокуратура хабарламасында.
Белгіленген мән-жайлар сотталушыға жаңа айып тағу қажеттілігіне туындатты. Жаңа айыптау бойынша, енді ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстың ерекше себебін, қатыгездігін, салқынқандылығын, сотталушының алдыңғы қылмыстық жазасын өтегеннен және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін жазадан сабақ алмағанын, сондай-ақ оның басқа адамдарға зиян келтіруге ниетінің болғанын ескере отырып, мемлекеттік айыптаушы оны қоғамға қауіпті және оны өмір бойы оқшаулау қажет деп тапты. Сот талқылауында прокурор сотқа айыпкерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.