Қамыстының екі ауылында су құбыры жаңарады qaz365.kz

Қамыстының екі ауылында су құбыры жаңарады

Қамысты ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы жылдары ауыз сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсартуды көздеп отыр.

«Мемлекет басшысының халықты бес жыл ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес тұрақты бақылауда. Биыл Қарабатыр және Клочков ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған.  Қарабатыр ауылы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12,8 миллион теңге бөлінді. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда, аудан тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі едәуір жақсарады», – дейді аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Демек,  ауыз су қолжетімділігі артып, халықтың өмір сүру сапасы жоғарылай түспек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу