Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен Қамысты ауданында «Жарқын ауыл» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Осы ауқымды бастама аясында Камысты ауылында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Құжаттың тараптары – «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, жергілікті билік және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов, Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
«Жарқын ауыл» – бұл жай ғана бастама емес, нақты нәтижеге бағытталған үлкен жұмыс. Қамысты ауданында бұл жоба шеңберінде өткен жылы да ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да белсенді түрде жалғасып жатыр. Құрылыс, инфрақұрылым, әлеуметтік жобалар – барлығы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған», – деді Алмат Досмұхамедов.
Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша жалпы сомасы 145 миллион 895 мың теңге болатын 9 меморандум жасалған. Ауқымды жоба шеңберінде, Алтынсарин ауылында тұрғын үй салу және балалар ойын алаңын орнату, Қамысты ауылында саябақ пен тұрғын үй салу және көшелерді жарықтандыру және жолдарды жөндеу көзделіп отыр.
Бүгінде барлық бағыттар бойынша нақты жұмыстар басталып, ауылдарда үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бұл — тұрғындардың өмір сапасын арттырып, ауылдардың келбетін өзгертетін маңызды қадам. Жоба алдағы уақытта да қарқынды жалғасады деп жоспарлануда.
Сабина КЕНЕСБАЕВА
ҚӨУ студенті