Қостанай қаласының орталық саябағындағы “Сусиыр” мүсіні бар субұрқақ орнында қалатын болды. Мүсіннің сыртқы келбеті қайта қалпына келтіріліп, тұрғындардың пайдалануына берілмек. Бұған дейін қалалықтар аталған субұрқақты алып тастауға қарсы шыққан болатын.
Орталық скверде субұрқақтарды жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асуда. Биыл барлығы алты субұрқақ жаңартылып, оның екеуін қайта жаңғырту жоспарланған. Сол жердегі үлкен субұрқақтың орнына әрі жарық шашып, әрі әуен ойнап тұратын ерекше түрі орнатылады. Сондай-ақ, мұндағы төсеніштер, орындықтар, қоқыс жәшіктері де жаңарады. Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталмақ.
Қала әкімі Марат Жүндібаев аппарат жиналысынан шыққан соң журналистермен бірге жөндеу жұмыстары жүріп жатқан алаңды аралап шықты. Басшылық Пушкин ескерткіші орналасқан аллеядағы абаттандыруға өз бағаларын берді. Ол жерге жергілікті зауыт “Қостанай МБИ” ЖШС-нің өндірісінен шыққан тас төсемдер төселді. Отандық өнімнің сапасы жоғары әрі ұзақ уақытқа шыдамды деп бағаланып отыр. Мұндай төсеніштер орталық саябаққа да төселмек.
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.