15 мая, 2025
Қала жүрегіндегі Жеңіс әндері

Қала жүрегіндегі Жеңіс әндері

Қостанай аттракциондар саябағында, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнында бала кездерінен таныс әуендер кезекті мәрте шырқалды… Бірақ бұл жолы ерекше орындауда болды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қостанай полицейлері соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

«Журавли», «Қараңғы түн», «Жеңіс күні», «Әлия» әндері барлық қала тұрғындары үшін аталарымыз бен арғы аталарымыздың ерліктеріне терең құрметпен орындалды.

Әр нотамен, әр шумақтың шығуымен саябақта тыныштық орнап, адамдар ұйып тыңдады. Біреуі қосылып ән айтты, біреу көз жасына ерік берді, содан кейін — дәстүрге сай би болды.

Соғыс жылдарындағы әндер жай музыка емес. Бұл — естелік. Ал бүгін ол ерекше қатты естілді, өйткені ол күн сайын тәртіп пен бейбітшілікті күзететін адамдардан шықты.

Мағынаға, құрметке және жылулыққа толы минуттар үшін рахмет. Мұндай кештер біздің қаламызда бола берсін.