Қостанай облыстық және қалалық прокуратурасының қызметкерлері облыс орталығында тұратын прокуратура органдарының ардагерлері мен зейнеткерлерін Қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Іс-шара республикада заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету үшін еңбек еткендерге алғыс білдіру мен құрмет көрсетудің жақсы дәстүріне айналды.
“Аға буынның өмірге деген дана көзқарасы, еңбекқорлығы мен адалдығы әрқашан біз үшін үлгі болады. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз және біз сіздерді әріптестеріміз, достарымыз және тәлімгерлеріміз деп атай алатынымызды мақтан тұтамыз”, – дейді орган өкілдері.