Прокуратура бюджет қаражатын заңсыз жұмсаудың жолын кесті

Прокуратура бюджет қаражатын заңсыз жұмсаудың жолын кесті

Арқалық қаласының прокуратурасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуын  анықтады.
Бөлімнің бұрынғы басшысы К.А. Омарова жұбайына тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген 3 азаматты қоғамдық жұмыстарға тартып, жалған қызметке орналастырғаны анықталды.
Мемлекетке келтірілген шығын 1,4 миллион теңгені құрады.
Облыс прокуратурасы істі сотқа жібере отырып, ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Арқалық қалалық сотының осы жылғы 18 шілдедегі үкімімен К.А. Омарова кінәлі деп танылды және рақымшылық актісі бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды, бұл ретте сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Арқалық қаласының прокуратурасы

Жаңалықтармен бөлісу