Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі – күнделікті полиция қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу үшін ғана емес, жалпы халықпен жұмыс істеу форматын өзгертеді. Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету және жұмыстың сервистік моделіне көшу бойынша ҚР ІІМ міндеттерінің орындалуы маңызды.
Ең алдымен, бұл азаматтардың өміріне қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға байланысты бағыттар. Бұл жобалар “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Біріншіден, бұл “102 KZ” мобильді қосымшасының көмегімен полицияға азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың жаңа процессі. Осылайша, жыл басынан бері полицияға 43 аудио-бейне хабарлама келіп түсті.
Сонымен қатар, өз шешімдері де енгізілуде. Мысалы, QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сауалнамадан өте алады. Ол барлық полиция бөлімдерінде, кезекші бөлімдерде, патрульдік машиналарда орналасқан. Оның көмегімен адамдар полиция көрсеткен қызметтердің сапасын бағалайды және өз пікірлерін, тілектерін қалдыра алады. Мұндай кері байланыс халықтың ұсыныстарына, шағымдарына бірден жауап беруге көмектеседі. Мониторинг полицияның жұмысын жақсартуға және нақты уақыт режимінде диалог жүргізуге көмектеседі. Бұл жаңашылдықты блогерлер ашық жұмыс форматы ретінде бағалады.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйелері белсенді қолданылады. Тек осы жылдың басынан бастап олардың көмегімен 42-ден астам қылмыс ашылып, 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесілді. Көшелердегі қылмыстың жағдайы 11% – ға, қоғамдық орындарда 8% – ға төмендеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жартысынан көбі автоматты режимде анықталады.
Бүгін жедел басқарау орталығына 5000-ға жуық бейнебақылау камерасы қосылған. Биыл “Сергек”жобасы бойынша қосымша 1000-нан астам камера мен 60 аппараттық-бағдарламалық кешен орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылы ЖБО-на шығарылатын камералар саны 6000 бірліктен асатын болады.
Бұл процесстерге “Сандық полиция” жобасы да әсер етеді. Сәуір айынан бастап планшеттерге “Қорғау” бағдарламалық жасақтамасы орнатылды. Бір апта ішінде қосымшаның арқасында әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 29 азамат анықталды.
ІІМ-нің тәжірибесі бойынша өңірде ахуалдық орталық жұмыс істей бастады. Оның негізінде қылмыстың алдын алуға және нүктелік профилактиканы жүргізуге, процесстерді жедел басқаруға мүмкіндік беретін талдау көзделген.ҚР ІІМ алқасында бүгін басталған өзгерістер нәтиже беретіні атап өтілді. Ең алдымен, жүйеішілік өзгерістер орын алуда, сервистік тәсілдер енгізілуде, олардың негізі цифрлық шешімдер болып табылады.
Осы өзгерістерге сәйкес болу үшін полиция департаментінде “Үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру” Тұжырымдамасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі міндеттері құқықтық тәртіп мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын, сондай-ақ полиция жұмысын трансформациялау шараларын іздеу болды.
Бағыттардың бірі-патрульдік полиция қызметкерлерін полицейлердің бейне-жетондарына түсірлген жағдайлардан сабақ алуда. Осы форматтың арқасында қызметкерлерге шағымдар саны жыл басынан бері екі есеге азайды. Тұрғындар полицияның жұмысына жоғары бағаларын беруде.
Бүгін біз бейнебақылау камераларын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша біз әрбір патрульдік полицейдің әрекетін бақылап отырамыз.
ҚР ІІМ министрі атап өткендей, бүгінде қызметкерлердің дамуына, олардың құқықтарын қорғауға, меритократия қағидатына және моральдық-психологиялық ахуалды арттыруға баса назар аудару қажет.
Бізде тағайындаулар туралы барлық бұйрықтар конференц-байланыс режимінде полиция бөлімшелерін қосумен ашық өтетінін атап өтемін. Бұдан басқа, қазіргі уақытта 1С кадрлар бағдарламасы негізінде кадрлық рәсімдерді жеңілдету үшін цифрлық шешім қолданылады. Бұл атақ беру, еңбек демалысына шығу процестерін бюрократизациялауға мүмкіндік береді. Олардың барлығы қазір цифрлық форматта.Интернет-алаяқтықпен күрес маңызды бағыттардың бірі. Жыл басынан бері облыста 76 қылмыс ашылды. Бүгінгі таңда қылмыстың осы түрінің алдын алу үшін мақсатты жарнаманы қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай шаралар көп азаматтарды ақпараттандыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бүгін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін түрлі әдістерді, патрульдік машиналардың дауыс зорайтқыштарын, әлеуметтік желілерді белсенді қолданамыз. Облыс кәсіпорындарында қызметкерлермен кездесіп, оларға алаяқтардын арбауына түспеудін жолын көрсетеміз. Осындай жұмыстың арқасында өңірде интернет-алаяқтық дерегі өткен жылмен салыстырғанда төмендеді.
Бұл бағытта “CyberPol” үлкен көмек болады. Бұл цифрлық технологиялар саласындағы күрес, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру үшін ҚР ІІМ іске қосқан пилоттық жоба.
Полиция елде болып жатқан өзгерістерден хабардар. Бүгінгі таңда халықпен өзара әрекеттесу мәселелері олардың парадигмасын өзгертетіні анық. Бұл әрекеттердің нақты әсерін азаматтар өздерінің күнделікті өмірінде сезінуі керек – қылмыстық істерді электронды форматта тергеуден бастап тәртіп сақшылары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алуға дейін. Бюрократизация, цифрландыру және барлық процесстерді оңтайландыру полицейлерге халық үшін толық жұмыс істеуге мүмкіндік береді.