Полиция корей көпіріндегі жол көлік апатына қатысты тексерісті бастады

Полиция корей көпіріндегі жол көлік апатына қатысты тексерісті бастады

Қостанайдағы корей көпірінде үш көлік соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, 54 жастағы жүргізуші тіркемесі бар КамАЗды тізгіндей отырып, алында келе жатқан көлікпен қашықтықты сақтамаған.

Нәтижесінде Mercedes-Benz маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Ал ол инерция күшімен Iveco көлігіне барып соғылған. Үш көлік те Қостанай қаласына бет алып  бара жатқан.

“Оқиға салдарынан 1983 жылы туған Mercedes-Benz жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жергілікті жерде патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда”, – дейді полиция департаментінің өкілдері.

Ведомство жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу