Бұл жерге Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының және жергілікті полиция қызметінің 40 қызметкері, 7 бірлік техника,оның ішінде жоғары өтімді 3 техника, 2 қайық жіберілді.
Орын алған ТЖ-ға байланысты қызметкерлер адамдарды эвакуациялауды, мүлікті тонаудан қорғауды қамтамасыз ететін болады.
Әрбір қызметкер тиісті жабдықтармен қамтылған. Атап айтсақ, құтқару кеудешелері, резеңке етік және барлық қажетті құралдар.
Ахуал қиындаған жағдайда ПД аппаратының қызметкерлері мен 66/97 ӘБ әскери қызметшілері қатарынан резерв дайындалды.
Қазір Аманкелді ауданында құтқарушылармен бірге жергілікті тұрғындарға 15 қызметтік автокөлікпен 45 полиция көмек көрсетуде.