Алтынсарин аудандық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам жүгінді. Ол 3 күн бұрын 45 бас жылқыны жайылымнан таппағанын хабарлаған. Оның жылқыларды өз бетінше іздеуі еш нәтиже бермеді. Себебі ауданда ауа райы бұзылып, боран соғып тұрды. Хабарламадан кейін Алтынсарин ауданының қызметкерлері іздеуге дереу кірісті.
Жылқылар 2 сағаттан кейін Щербаков ауылының маңынан табылды. Іздеуге 3 бірлік техника мен 6 қызметкер жұмылдырылды.
Жылқы иесі полицейлерге алғысын білдірді. Полиция жылқыларды қадағаламаған шопанды ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартады. Оған 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.